Карантин кезінде жасырын жұмыс жасайтын ойынханалар азаймай тұр

152

 

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторларымен карантиндік режимнің сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізді.

Нәтижесінде Шымкент қаласы Тельман бөлімшесі Сыпырған ата көшесі бойында орналасқан «PS на районе» компьютерлік клубтың жұмыс істеп жатқаны анықталды. Тәртіп сақшылары ойынхана әкімшісінен түсініктеме алып, осы жайт бойынша Шымкент қаласы бойынша Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1 тармақшасы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша әкімшілік жауапқа тарту мақсатында жинақталған іс-құжаттарды Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына процессуалды шешім қабылдау үшін жолдады.