Коронавирусқа байланысты жағдай республика бойынша Шымкентте жақсарды.
Өткен тәулікте инфекция жұқтырған бір де бір науқас тіркелмеді. Жалпы республика бойынша кеше 168 жаңа жағдай анықталған. Сондай-ақ эпиджағдай Жамбыл облысында да тәуір. Бір тәулікте коронавирус жұқтырған екі адам ғана анықталған.
Айта кетейік, жалпы республика бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 105 243-ке жеткен. Оның ішінде, аурудан айыққандар — 94 713 адам.
Мақпал Рысбаева