10 тамызда Қ. Қазиев көшесінде орналасқан «Гранд-Прага» мейрамханасында оқ атылған. Оқтан алынған жарақаттардан жәбірленушілердің бірі оқиға орнында қайтыс болып, екіншісі ауруханаға жеткізілді.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 99-бабы (адам өлтіру) және ҚР ҚК 287-бабымен (атыс қаруын заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. 12.08.2020 жылы қабылданған шаралармен Алматы қаласында 3 күдікті ұсталып, Шымкент қаласының Полиция департаментіне жеткізілді.
14.08.2019 жылы Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотымен күдіктілерге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкцияланды. Қылмысқа қатысы бар басқа да азаматтарды анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.