ҚАУЛЫ
Шымкент қаласы
15.08. 2020ж. №32
Шымкент қаласының аумағында карантиндік және шектеу шараларын ұзарту туралы
Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43-БМСД қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №43-ПГВр), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47-ПГВр «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы26 маусымдағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі –ҚР БМСДҚ №47-ПГВр),«Шектеу карантиндік шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48-ПГВр қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №48-ПГВр), «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығынасәйкес, COVID-19 аурушаңдығының өсуіне байланысты халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 17тамыз сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 31 тамыз сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.
2. Шымкент қаласының тұрғындарына және қонақтарына:
2.1. адамдардың жиналуына байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын (еске алу, туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа);
2.2. 65 жастан асқан адамдардың қалада және басқа да қоғамдық орындарда жүруін шектеуді;
2.3. қалада жүріп-тұру кезінде маскаларды кию бойынша міндетті талаптарды сақтау және адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталсын;
2.4. үйлердің аулаларына және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға барып серуендеуге 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне рұқсат етілсін;
2.5. жалпы пайдалану орындарында орналасқан балалардың ойын алаңшаларына баруға 3 адамнан аспайтын топтарға рұқсат етілсін;
2.6. қоғамдық орындарға, адамдар көп жиналатын объектілерге барғандасоның ішінде қоғамдық көліктерге кірген кезде маскаларды кию және қоғамдық орындарға барғаннан кейін антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталсын.
3. Шымкент қаласының әкіміне, мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарға, заңды тұлғаларға және кәсіпкерлік субъектілеріне, карантин кезеңіндекелесі шараларды қамтамасыз етуді:
3.1. жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен, кеңсе қызметкерлерінің 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге көшіруді (штаттық кесте бойынша 30-дан астам қызметкер болғанда);
3.2. сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және адамдар көп жиналатын орындарда күнделікті дезинфекциялық іс-шаралар өткізуді;
3.3ХҚКО жұмысын ұйымдастыру (оның ішінде арнайы ХҚКО) алдын ала Egov.kz, жеделхат-бот EgovKZBot 2.0 кезек брондау арқылыжүргізуді,жұмыс күндері(дүйсенбі-жұма) сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, ал демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;
3.4. «Қазпочта» АҚ-ның, Call орталықтарының жұмыс уақыттарысағат 9:00-ден 18:00-ге дейін,ал мереке және демалыс күндері жұмыстарына тыйым салынсын;
3.5. сыйымдылығы 30% аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метрдісақтаумен жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) азық-түлік базарлардың,азық-түлік емес базарлардың (мамандандырылған, киім, мал және автокөлік базарлары)жұмыс уақыты сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) барлық базарлардың жұмыстары тоқтатылсын;
3.6. орналасқан орнына қарамастан барлық азық-түлік гипермаркеттерінің, супермаркеттерінің, шағын маркеттері мен үй жанындағы дүкендерінің жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс уақыты шектелсін;
3.7. жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) көше форматында ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;
3.8. құрылыс жұмыстарының жәнеүздіксіз өндірістік циклмен жұмыс жасайтын құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындарыныңжұмысын қалыпты режимде ұйымдастыруды;
3.9. медициналық ұйымдардың, дәріханалардың, процедуралық бөлмелердің, коммуналдық қызметтердің көрсету, адвокаттар, нотариустердің сонымен қатар адвокаттық және нотариустық кеңселерді жұмыстары қалыпты режимде ұйымдастыруды;
3.10. АЖБ (автожанармай бекеті), АЖБ жанындағы дүкендердің, ТҚО, шиномонтаждың, өзіне қызмет көрсететін авто жуу орындарының жұмыстарын қалыпты режимде ұйымдастыруды;
3.11.белгілі бір топтардың (ауысымдық жұмысшылар, медицина қызметкерлері, спортшылар) орналастыруға келісім шарты бар объектілерді қоспағанда, туристік объектілер мен халыққа жатын орындарды ұсынатын қызметтердің саласындағы нысандардың қызметі (қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және басқалар) қонақтардың (клиенттердің) саны жобалық қуаттылығынан 50% дан аспаған жағдайда, сонымен қатар, қосымша қызметтерді (тамақтану, кір жуу, үтіктеу және басқалар) тек қонақ үй бөлмелерінде көрсетудіұйымдастыруды;
3.12.ойын-сауық, спорттық, жаттығу және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларды, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, жиналыстарды адамдардың көп жиналу орындарында, сонымен қатар үйлерде өткізуге тыйым салуды;
3.13.спорт оқу-жаттығу Ұлттық құрамадағы, клубтық командалық(30 адамнан аспайтын,қатынассыз термометрия, спорттық базада тұру), жеке және топтық жаттығу ашық алаңда өткізуге рұқсат етілсін;
3.14.балалар коррекциялық-түзету бөлмелердің, білім беру орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелердің, балалар мен ересектерге арналған курстардың( жазылу арқылы 5 адамнан аспайтын) жұмыс күндері(дүйсенбі-жұма) 09:00-ден 18:00-ге дейін, ал демалыс күндері (сенбі,жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;
3.15.кезекші топтарын(топта 15 адамнан аспайтын) қоспағанда балалардыңмектепке дейінгі ұйымдарының және сауықтыру лагерлерініңжұмысы тоқтатылсын;
3.16.жұмыс және демалыс күндері сағат 9:00-ден сағат 21:00-ге дейін жұмыс кестесімен сыртқа шығаруға немесе үйге жеткізу жүйесімен жұмыс жасап жатқан қоғамдық тамақтану объектілерін қоспағанда, ғимараттарда орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің (дәмханалар, мейрамханалар, лаундж-барлар, спорт-барлар, барлар, асханалар, кофеханалар, кулинария) жұмысына тыйым салынсын;
3.17.бассейндердің, аквасаяжайларының, жағажайлардың жұмыс істеуіне тыйым салынсын;
3.18.спорттық объектілердің бассейнсіз(фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, жабық спорттық құрылымдардың, спорттық үйірмелердің) 5 шаршы метр бір келушіге, сыйымдылығы 50% аспайтын, алдын ала жазылу бойынша 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) жұмысын ұйымдастыру, ал демалыс күндері (сенбі,жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;
3.19.СПА-орталықтары, әсемдік салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтары мен салондары (алдын ала жазылу бойынша бір келушіге 4 шаршы метр) жұмыс уақытын шектеу арқылы 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) жұмысын ұйымдастыру, ал демалыс күндері (сенбі,жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;
3.20.қоғамдық моншалардың және сауналардың(бассейнсіз) сыйымдылығы 50% аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метржұмыс уақытын шектеу арқылы 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) жұмысын ұйымдастыру, ал демалыс күндері (сенбі,жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;
3.21.саяжайлардың, скверлердің, жағалаулардың жұмысы қалыпты режимде жүргізілсін;
3.22.жабық аттракциондардың жұмысы тоқтатылсын, ал ашық алаңда орналасқан аттракциондардың жұмысы 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) жұмысын ұйымдастыру, ал демалыс күндері (сенбі,жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;
3.23.көңіл көтеру мекемелерінің (бильярд, караоке, боулинг-орталықтар, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, букмекерлік және т. б.) жұмысына тыйым салынсын;
3.24. мәдениет объектілерінің (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер және т.б.) жұмысына тыйым салынсын;
3.25. діни бірлестіктердің нысандарына (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) келушілер мен дінге сыйынушыларға баруды тоқтатуды;
3.26.үйге жеткізу және сыртқа шығару режимінде жұмыс істейтін нысандарды қоспағанда, дүңгіршектердің, оның ішінде піскен тағамдарды, фастфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар сататын нүктелердің жұмысына тыйым салынсын;
3.27.авто жуу нысандардың жұмысы уақыты шектеліп 09:00-ден 21:00-ге дейін ұйымдастыруды;
3.28.сыйымдылығы 30% аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метрдісақтауменсауда-ойын орталықтарының, сауда үйлерінің (дүңгіршіктер), сауда желілерініңжұмысы шектеліп 09:00-ден 21:00-ге дейін дейін жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) жұмысын ұйымдастыру, ал демалыс күндері (сенбі,жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;
3.29.кинотеатрлардың, сауда-ойын-сауық кешендері мен орталық үйлердің ішіндегі балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың, жәрмеңкелердің жұмысына тыйым салынсын;
3.30.Шымкент қаласындағы қалааралық жолаушыларды тасымалдауға және автовокзалдың, автостанциялардың жұмысы тоқтатылсын;
3.31.медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат үлгісіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етілсін;
3.32.қаржы нарығындағы субъектілерге жұмыс уақытын шектеу Қазақстан Республикасының Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және даму агенттігінің актілеріне сәйкес ұйымдастырылсын;
3.33.осы қаулыда көрсетілмеген объектілердің жұмысы уақытышектеліп 09:00-ден 18:00-ге дейін дейін жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) жұмысын ұйымдастыру, ал демалыс күндері (сенбі,жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын.
4. Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қаласының аудандарының әкімдеріне, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына, денсаулық сақтау субъектілеріне және меншік нысанына қарамастан жеке кәсіпкер субъектілеріне:
4.1. жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін шектелсін. Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылсын. Бетперделердің киілуі, толтырылуы отыратын орын санынан аспауы қадағалансын;
4.2. адамдардың аялдамаларда және қоғамдық көліктерде шоғырлануын болдырмаудың мақсатында көлік құралдарының (автобустардың, шағын автобустардың) желіге барынша шығуын, қозғалыстың біркелкі кестесі ұйымдастырылсын;
4.3. қоғамдық көлікті, автобус аялдамаларын, адамдар көп жиналатын жерлерді қоса алғанда, қала аумағын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, өңдеумен қамтуды қамтамасыз ету және карантин аяқталғанға дейін көрсетілген жұмыстарды күн сайын жүргізуді қамтамасыз етілсін;
4.4. Шымкент қаласының аумағында, мөлтек аудандардың, тұрғын үй алабтарының, көп қабатты тұрғын үйлердің аумағында және ұйымдардың қоқысқа арналған алаңшаларын жоспарлы үнемі тазалауды, күнделікті тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды шығару және қоқысқа арналған контейнерлерді тазалауды, дезинфекциялауды, жууды қамтамасыз етуді;
4.5. инфекциялық және провизорлық стационарлардың аумағын күнделікті дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып залалсыздандыру іс-шараларымен қамтамасыз етуді.
5. Меншік нысанына қарамастан Шымкент қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларына және жеке кәсіпкерлерге карантин аяқталғанға дейін:
5.1. бетпердені, қолғаптарды кию (халыққа қызмет көрсету кезінде) және антисептиктерді пайдалану бойынша талаптарды қатаң сақтау. Халыққа қызмет көрсететін объектілерге қызметкерлерді бір реттік қолғаптармен, оларды уақтылы ауыстыруды және температура өлшеу құралдарымен қамтамасыз етуді;
5.2. қызметін жүзеге асыратын барлық объектілерде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қамтамасыз етуді (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді, дезкілемшелерді орнату, ғимараттарды күніне кемінде екі рет өңдеу, залалсыздандыру құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету);
5.3. персонал мен келушілердің санитариялық-карантиндік және шектеу шараларын сақталуын қадағалауды қамтамасыз ету;
5.4. атқаратын қызметті ҚР БМСДҚ бекіткен алгоритмдерге сәйкес жүргізуді;
5.5. барлық объектілерде, оның ішінде қоғамдық көлікте, таксиде санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етуді.
6. Шымкент қаласының аудан әкімдері, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығына:
6.1. өз жұмысын қайта бастаған нысандарға санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды және басқа да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын мониторингпен қамтамасыз етуді;
6.2. карантин кезеңінде белгіленген шектеу іс-шараларын және басқа да талаптарды бұзу, орындамау анықталған кезде, тиісті әкімшілік шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге сәйкес нысандардың қызметін тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдансын.
7. Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Шымкент қаласы полиция департаментіне, Шымкент қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасына, кәсіпкерлік субъектілерімен және жеке тұлғаларымен қамтамасыз етілсін:
7.1. InfoKazakhstan.kz сайынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісінің негізінде объектілердің қызметін қайта бастауды;
7.2. қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін объектінің кіреберісінде санитариялық нормаларға сәйкестік актісін көрнекті жерге орналастыруды;
7.3. шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтында жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді;
7.4. бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлердің уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan. kz сайтты пайдалануды;
7.5. шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін InfoKazakhstan.kz сайтына орналастыруды;
7.6. InfoKazakhstan.kz сайтындғы объектінің паспортына келушілердің үй-жайлардың жоспарланған толтырылуы туралы мәліметтерді кәсіпкерлік субъектілерді енгізуі (шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, осы қаулыға және № 43 ҚРБМСДҚ-ға қосымшаларда айқындалатын 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі);
7.7. «InfoKazakhstan» электрондық порталының жұмысы іске қосылғаннан кейін, объектілер белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде бизнес объектілерінің қызметін қайта бастауға арналған актіні электрондық беруді;
7.8. жұмысын тоқтатқан нысандармен коронавирустық инфекциясын алдын алу мақсатында олардың жұмысын қайта бастау, санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды және басқа да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақтауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді.
8. Күші жойылды деп танылсын:
8.1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 31.07.2020 жылғы №30 қаулысы;
8.2. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 12.08.2020 жылғы №31 қаулысы.
9. Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.
10. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарда жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.
11. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.
12. Осы қаулы 2020 жылғы 17 тамыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері А.Тулебаев