Бұл жөнінде қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Өрт сөндірушілерге хабар таңғы сағат 06.55-те келіп түскен. Дереу оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер «Скат» жеке әуе компаниясына қарасты 4 қабатты жаңадан салынып жатқан терминалда болған өртті сөндіруге кіріскен.

Оқиға орнына ТЖД -нің 13 техникасы мен жеке құрамнан 40 адам, апаттық медициналық орталығының қызметкерлері жұмылдырылды. Сондай-ақ, №55652 әскери бөлімінен 6 қызметкер мен 2 дана техника және Әуежайдың мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінен 7 қызметкер мен 2 дана техника тартылды.

Өрттің салдарынан терминалдың шатырының көлемі 270 ш.м. ағаш бөренелері жанды. Өрт сағат 07:27-де оқшауланып, сағат 07:35-те толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталу үстінде.