Төлеби ауданының орталығында абаттандыру жұмыстары қызу жүріп жатыр

250

Төлеби ауданында орталықтың абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Құрылысын бастаған жаңа саябақ пен демалыс алаңшаларының жөндеу жұмыстары да қарқынды. Біздің түсірілім тобымыз Леңгірді аралап, Төлебидегі жаңа аудан орталығының қалай гүлденіп жатқанына куә болып қайтты.

Төлебидегі Ленгерка өзенінің аймағы көптеген жылдар бойы жөндеу жұмыстарын көрмеген. Тіпті соңғы уақытта өзеннің айналасы қоқыс төгетін жерге айналып, жергілікті тұрғындарды әбігерге салып келген. Жергілікті билік өкілдері қала тұрғындарының бұл мәселесін шешіп қана қоймай, аумақты абаттандыруды да ұйғарыпты. Енді өзен айналасы саябаққа айналмақ.

Қаланы абаттандыру жұмыстары аудан орталығының бірнеше учаскесінде жүргізілуде. Аудан әкімі қаланың айтарлықтай өзгеретініне сенімді. Бұл жерлер қонақжай орындардың бірі болып, демалуға келген меймандар үшін барлық жағдай жасалады деп отыр.

Бауыржан Омарбеков, Төлеби ауданының әкімі: «Абаттандыру жұмыстары жалғасуда, біз тек Леңгір бойынша ғана емес, бүкіл аудан бойынша жұмыс істейміз. Міне, біздің ауданымыздың сұлулығын қараңызшы. Біз ескі учаскелерді ғана емес, барлық жерде жаңартуды жоспарлап отырмыз».

Төлеби ауданы жыл сайын Қазақстаннан ғана емес, ТМД-ның басқа да елдерінен де туристер келетін мекенге айналып отыр. Табиғаты сұлу аудандағы барлық маңызды жолдар орталық арқылы өтпек. Аудан басшысы Леңгірдің жаңа келбеті тек тұрғындар үшін жайлылық мекені емес, ірі инвесторларды тартуда да үлкен мүмкіндік тумақ дейді.

Нұрлан Сұлтанбек