Қазақстанның рухани астанасында тағы бір керемет орын пайда болды, деп хабарлайды Otyrar.kz тілшісі.
Бекзат Сатраханов даңғылында — жасанды тоған салынып, онда Нимфея тұқымдасына жататын лалагүлдермен безендірілді. Жергілікті тұрғындардың да, қалаға келген қонақтардың да сүйікті орнына айналып отыр.
«Өте керемет ғажайып орын, Түркістанда мұндай орындар болады деп кім ойлаған? Мен күйеуіммен бірге Астанадан Түркістанға көшкенде, үзілді-кесілді қарсы болдым. Шөл, жел мен аңызақ деп ойладым. Енді мен тіпті кеткім келмейді. Бұл жерде өте әдемі, сондай-ақ осындай тоған бар, ол кешке салқын әрі әдемі», — дейді Ләззат Атабекова.
Түркістан қаласының әкімдігі көшеттерді Бельгиядан әкелгендерін хабарлады. 636 гүлдің әрқайсысына бір шаршы метрден бөлінген. Ал суық ауа — райы келгенде гүлдер уақытша сақтауға тапсырылады.
Бекзат Саттарханов даңғылында су лалагүліне қарап, естелік селфи жасауға болады.