«Адалдық алаңы» жобасы бойынша 17,8 млн. теңге қаралған

157
фото Aikyn.kz

«Адалдық алаңы» жобасына мектеп оқушылары сеніммен қарайды. Осылай деген Түркістан облыстың қоғамдық даму басқармасының басшысы бүгін өңірдің сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінде сұрақтарға жауап берді.

Сөзінше, 9-11 сынып оқушылары арасында арнайы тест өткізілген. Нәтижесінде шәкірттер агенттіктің бастамасына сеніммен қараған.

Дамир Жүнісов, ТО Қоғамдық даму басқармасының басшысы: «Басқармада қазір «Адалдық алаңы» жобасы бойынша 17,8 млн. теңге қаржы қаралған. Бұл менің ойымша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу профилактикасы бойынша өте тиімді жобалардың бірі».

Назерке Үкібасова