Шымкентте бургер дүкеніндегі өрттен бүтін бір үй тұрғындары көшірілді. Ал, оны сөндіруге өрт сөндіру көлігінің 8-і келген. Оқиға Республика даңғылында кешкі 19:30 шамасында орын алған.
Қуаныш Арсланов, Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары: «Жедел басқару орталығына Республика даңғылындағы Bakyt Burger тез тамақтану орталығында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, келген кезде бірінші РТП 2 нөміріне қоңырауды растамады, күштер мен қаражат бірінші нөмірлі BIS арқылы шақырылды. Қалған тұрғындар он адам өз күштерімен шықты. Өртті 19:57-де оқшауланды. 20:24-те жойылды. Өрт кезінде адам шығыны болған жоқ, қаза тапқандар жоқ».
Еске сала кетейік, өткен жылы да қаладағы тағамды тез дайындау орны өртке оранған еді. 28 мамырда орын алған оқиға кесірі де тұрғын үйге тие жаздап, абырой болғанда барлығы аман қалды.
Назерке Үкібасова