Өңіріміздегі агроөнеркәсіп кешені саласында даму қарқыны тұрақты

238

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының  мәліметі бойынша   өңірдегі агроөнеркәсіп кешені саласында даму қарқыны тұрақты түрде жалғасуда. Ағымдағы жылдың жеті айында  ауыл шаруашылығы өнімі 235 жарым млрд  теңгені құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда 23,8 млрд тг. артқан. Республикада жалпы өнімнің 14 пайызы  Түркістан облысына тиесілі. Биылғы жылдың өнімі үшін 846,1 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.  Түркістан облысы құрылғалы бері егіс көлемі  32.6 мың гектарға ұлғайған. Егістікті әртараптандыруға сәйкес, мал азықтық дақылдарға көңіл блініп, өткен жылмен салыстырғанда  егіс көлемі  11 жарым мың  га артып, 212 мың гектарға масақты дақылдар,  45  мың га  дәндік жүгері, Жүгері жинаумақсары 81 мың гектарға, мақта 125 мың га, көкөніс, бақша, картоп дақылдары 120,5 мың гектарға орналастырылды.

Шынар Оразова