Праймериз қатысушыларының кезекті пікірталасы

98

Праймериз қатысушыларының пікірталасы қыза түсті. Бұл жолы өз жоспарымен Әл Фараби ауданының үміткерлері бөлісті. Олардың арасында студент, проректор және жеке кәсіпкерлер де бар. Сөздерінше бар мақсаттары қала халқына жайлы жағдай жасау екен.

Шымкентте праймериздің пікірталасы әлі де жалғасып жатыр. Бұл жолы алға қойған жоспарларымен Әл-Фараби ауданынан сынға түсіп отырған проректор, студент және жеке кәсіпкелер бөлісті. Бірі қолдан келсе студенттерге жағдай жасаймын десе, екіншісі оқытушылар жалақысын көтеру керек дейді. Депутат болсам талай мәселені тындырамын деген олар Шымкенттегі кемшіліктерді де тізбектеп берді.


Праймериз қатысушыларының бірі — жеке кәсіпкер Төреайым Сұлтанова. Бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп жүрген ол саясаттан да алыс емес. Осыған дейін мұғалімдер мен дәрігерлер жалақысы, ЭКҰмәселесін көтерген үміткер әлі де шешілмеген тақырыптардың барын айтады.

Бір-бірінің бағдарламасымен жіті таныстық деген үміткерлердің сыни сұрақтары да сан түрлі. Солардың бірі депутат болғысы келетін студентке қойылды. Төреайым Сұлтанованың халық қалаулысы болудағы мақсатын сұраған сауалына жас студент былайша жауап берді.

 

Фариза МАЖИТ, праймериз қатысушысы: «Менің жасым 20-да. Алдыңғы буын әпкелерім сияқты менің де саясатқа араласқым келеді. Сондықтан да бүгін осы жерде тұрмын. Оның үстінен халық арасынан шыққаннан соң, халық жанайқайын жақсы білемін. Осыған байланысты елдің жоғын жоқтауға келдім»

Айта кетейік, елімізде басталған праймериз додасы келесі айға дейін жалғасады. Ал, қазанның 3-5 аралығында қатысушыларға дауыс беру науқаны басталады. 5 қазан күні жолы болған жеңімпаздар анықталмақ.

Назерке Үкібасова