Тозығы жеткен каналдарда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

331

Түлкібас ауданында көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан ағынды су мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда.

Биыл Балықты ауылдық округіне қарасты ұзындығы 9,8 шақырымды құрайтын «Боз» каналының күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
«Осы сияқты каналдар темір бетонмен қапталып жасалынады. 2022 жылға дейін аудан аумағындағы 13 су нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі»,-дейді  «Қазсушар» РКК Түркістан облыстық филиалының Түлкібас аудандық бөлімшесінің аға инженері Қуандық ӨМІРӘЛИЕВ.

Нәтижесінде 7015 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылмақ. Биыл жыл соңына дейін 13 су нысанының 7-де  темір бетонмен қаптау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жалпы ұзындығы 69,1 шақырымды құрайтын «Құлый», «Танта», «Қызыл», «Боз», «Ұзын»» магистралды каналдары жөнделген соң, аудандағы 5 мыңнан астам гектар жер алқабына ағын су жеткізетін болады.

Шынар Оразова