Тұрғын үйдің ауласында кеміргіштер өріп жүр

172

Шымкенттегі көпқабатты үйдің ауласын тарақандар мен егеуқұйрықтар басып кетті. Үй иелерінің айтуынша, жемтік іздеген жәндіктер қоқыс жәшігінен шығады. Жергілікті халық зиянды кеміргіштермен өздері күресіп әлек.

Д. Қонаев даңғылы бойындағы 7- үйдің тұрғындары химиялық өңдеуден пайда болмағандықтан, қоқыс жәшіктерін қайнатуға мәжбүр болыпты.

Ринат БИРДИЕВ, қала тұрғыны: «Көршілер кеміргіштерден құтылу үшін бәрін жасап көрді. Ауланы толықтай өңдеп шықтық. Пайдасы болмады. Контейнерлерді қайнатқаннан кейін біраз саябырсыды».

Айта кету керек, дератизация жұмыстары Шымкентте жылына екі рет жүргізіледі. Қоқыс контейнерлері мен қоқыс полигондары, өзендер мен каналдардың бойы тазартылады. Соған қарамастан кей тұрғын үйлерде зиянды кеміргіштер өріп жүреді.

Мақпал РЫСБАЕВА