Түркістанда ерекше театрлар бой көтеруде

151

Elitar.kz порталының журналисті шенеуніктердің айтуы бойынша қонақтар мен туристер үшін ең көп баратын орындардың бірі болатын кешенді аралады.

Жобаны түрік компаниясы «Sembol construction»жүзеге асыруда. Жалпы, «Керуен-сарай» қалашығы Ұлы Жібек жолымен жүріп өткен керуендердің аялдамаларын сипаттайтын Шығыс ертегілерін еске түсіреді.
Жоба аяқталғаннан кейін Түркістанға келген турист онда бірнеше күн аялдай алады. Қала аумағында әртүрлі деңгейдегі қонақ үйлер болмақ. Одан басқа, кафелер, мейрамханалар және екі театр бар. Бірінші болып жаңа технологиялармен жабдықталған ерекше эффектпен тамашалауға мүмкіндік беретін экран. Онда көрермендерге Жібек жолы, Түркістан және Қожа Ахмет Ясауи туралы фильмдер ұсынылады.
«Бұл әуедегі театрдың жобасы. Онлайн режимде көрермендер арнайы жабдықтың көмегімен үйде отырып-ақ көре алады. Мұндай жағдайды ұсынатын демалыс орын Қазақстанда әзірге жоқ. Мен тіпті ТМД елдерінде де болмаған дей аламын. Есесіне облыс орталығы Түркістанда болмақ»,- деді Омар-Түрік Аспандияр-Оғлы.
Екінші театр маусымдық болады. ол жерде судың ішінде шоу болмақ. Пандемиядан бұрын әлемге әйгілі итальяндық театр режиссері Франко Драгоне шоуды қою үшін келеді деп жоспарланған болатын. Ол Cirque du Soleil және Селин Дион шоуларымен танымал. Қалай болғанда да – шақыру әлі де күшінде, – деді әкімдігілер.
Айта кетерлігі, қала шын мәнінде де түбегейлі өзгеріске ұшырамақ. Ал облыс орталығы бүкіл тарихты сақтайды. Барлық нысандар заманауи Қазақстанға айналатын Түркістан тарихынан сыр шертетіндей қылып салынатын болады.
«Жұмыс өте көп. Пандемиядан кейін біз әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтарды қабылдай алатынымызға сенімдіміз, және біз көрсететін және айтатын нәрсе бар, ең бастысы, біз туристер үшін ғана емес, бүкіл әлемнің инвесторлары үшін де барлық жағдай жасай аламыз. Ал біздің қалаға келушілердің қызығушылығы мол «, – деді Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов.
Тұрғындардың өздері мұндай өзгерістерді күтпегенін айтады. Қала соншалықты әдемі және ыңғайлы болады деп үміттенген адамдар аз еді. Көптеген адамдар үлкен құрылыс басталады деп үоейленген, бірақ оны аяқтау бірнеше жылға созылады.
«Мен өзім бәрі ұзақ және қиын ғой деп ойладым. Бірақ іс жүзінде бәрі сәтті болды. Біз қаламызды қазір танымай қалдық. Бастысы бәрін ақылмен салып,қайта жөндеп жүрмесе игі «, – деді Түркістан қаласының тұрғыны Айжан Айтмағанбетова.
Жоба аяқталуға жақын, авторлар пандемияға қарамастан кешен осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп сендірді.