Түркістанда Олимпиадалық ескек есу каналы салынуы мүмкін

503

Түркістанда Казақстанда баламасы жоқ олимпиадалық ескек каналы салынуы мүмкін .Ескек және желкенді қайық спорты ассоциациясы төрағасы Денис Жарменовпен ұсынылған эскиздік жобаны облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қолдап, оның жүзеге асыру жолдары мен орнын анықтау әкімнің орынбасары Арман Жетпісбаевқа тапсырылды.

«Егерде бастама іске асса, су спорт түрлерін дамытуға серпін беріп қана қоймай, жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізу арқылы қазынаны қомақты табыспен толықтыруға мүмкіндік береді. Ол инвестиция, инфроқұрылым, жаңа жұмыс орындары»- дейді сала маманы

Денис Жарменов, Түркістан облысы бойынша  Ескек  және желкенді қайық спорты ассоциациясының төрағасы:» Халықаралық талаптарға сай ескек каналы Түркістанда салынуы тиіс. Ол үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Мәселен, Сырдария өзені . Жасанды каналдың құрылысын жүргізуге де болады. Біз ұсынып отырған олимпиадалық ескек каналы республикада баламасы жоқ. Көрші Өзбекстан алда.Туристік Самарканд қаласында ескек каналы бар. Және олар халықаралық жарыстар өткізуде. Біздің ұсынған эксиздік жобамыз туризм саласын дамытуға мол мүмкіндік туғызады».

Шынар Оразова