Велосипедшіні қағып өлтірген көлік жүргізушісі ұсталды

205

Темірлан тас жолында көлікпен адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ақыры ұсталды. Ол 30 жастағы Отырар ауданының тұрғыны екен. Қайғылы жағдайдан кейін азамат жалдамалы пәтерде болған. Осылай деген полицейлер күдіктіні екі тәуліктен соң ұстағанын айтады.

Дәулет Абдіраманов, Шымкент қаласы ПД тергеу басқарма бастығы: «Күдікті жалдамалы пәтерден ұсталды. Ол 1990 жылы туылған Отырар ауданының тұрғыны. Өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Қазір азамат уақытша тергеу абақтысында».

Еске сала кетейік, жантүршігерлік жол апаты осыдан 3 күн бұрын болған еді. Кешкі сағат 22:00 шамасында жаяу жүргіншілер жолынан өтпек болған велосипедшіні жарысып келе жатқан көліктердің бірі қағып кеткен. Кесірінен 43 жастағы велосипедші оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Назерке Үкібасова