Қазақстанда бір апта ішінде 3424 қылмыс тіркелді. Осылай деген еліміздің ішкі істер министрлігінің ресми өкілі өткен жұмадағы қылмыстық хроникамен бөлісті.
Айта кетейік, тіркелген үш жарым мыңға жуық қылмыстың 2198 ізі суымай ашылған. Оның 19-ы адам өлтіру болса, 38 -і тонау, 513-і ұрлық фактісі.
Бұдан бөлек, полиция өкілдері соңғы кездері елімізде алаяқтардың артқанын айтады. Сөздерінше, тіркелген қылмыстың 10 пайызы дәл осы бап бойынша тіркелген.
Мәселен, бір ғана «Куестра Уорд» қаржылық пирамидасына Қазақстан бойынша 1000 азамат алданған. Кесірінен 1 миллиардқа жуық теңгесінен айрылып отыр.
Назерке Үкібасова