Шымкент өнеркәсіп саласы бойынша көш соңында

288

Қыркүйекте Қазақстандағы экономикалық өсім позитивті жаққа өзгерді. Осылай деген билік өкілдері бүгін 9 айдағы жұмыс қорытындысын жариялады.

Жауаптылардың сөзінше, әсіресе көлік, күнбағыс майы, титан құймалары мен фармацевтика салаларына жан біткен. Өнеркәсібі жоғарылаған аймақтар көшін Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары бастап тұр. Ал, соңғы орынға Қызылорда мен Шымкент жайғасқан.

Ерұлан ЖАМАУБАЕВ, ҚР Қаржы министрі: «Автомобиль жасау 51,6%, фармацевтика 39,8%, дайын металл бұйымдары 18,9%, қағаз бұйымдары 15,1%, жеңіл өнеркәсіп 14,1% өсті. Тері өнеркәсібін есепке алмағанда экономика бойынша инвестициялар өсуде».

Есесіне Шымкент аяқталған құрылыс жұмыстары бойынша көш басында. Айта кетейік, карантин кезінде елдегі құрылыс саласы да қарқын алған. Ал, 9 айда бюджетке түскен қаржы 6 трлн. теңгеден асқан. Шығыс мөлшері бұдан екі есе жоғары. Осылай деген ведомства өкілдері игерілмеген қаржының да аз еместігін тілге тиек етті.

Ерболат ДОСАЕВ, ҚР Ұлттық банк төрағасы: «Игерілмеудің ірі соммалары орталық мемлекеттік органдарда қалыптасты. Мәдениет және спорт министрлігі, бас прокуротура, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі. Игерілмеудің негізгі себептері конкурстық шарттарды жасау рәсімдерін ұзақ өткізу».

Биылдың өзінде Қазақстанда 52,2 млн тонна мұнай экспортталып үлгеріпті. Осылай деген энергетика министрі есепті мерзімнің жоспары 100 пайыз орындалғанын айтады. Есесіне көгілдір отын экспорты өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда аз екен.

Нұрлан НОҒАЕВ, ҚР Энергетика министрі: «Газ экспорты көлемінің өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерімен артта қалу себебі, ҚХР газ импорты көлемін төмендетуі. Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша 11,5 млн. тонна мұнай өңделді. Бұл көрсеткіш қаңтар-кыркүйек айларының жоспары бойынша 98,1 пайызды құрайды».

Осылай деген жауаптылар жыл соңына дейін жоспарланған межені орындауды көздеп отыр.

                                                                                             Назерке Үкібасова