Шымкентте 4 оқушыдан COVID-19 анықталды

228

Шымкентте 4 оқушы коронавирусқа шалдыққан. Бұл туралы бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді.

Айтуынша, олардың барлығы да қашықтан оқып жүрген шәкірттер. Қазір балалар ауруханада ем-дом алып жатыр. Пандемияның екінші толқынының ең алдымен балаларға қауіпті екенін ескерген билік өкілдері кішкентай пациенттерінің денсаулығын жақсартуға аса мән беріп отыр.

Бақытжан ПОЗИЛОВ, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы: «Қазір екінші толқынға дайындықтар жүргізіліп жатыр. Жедел жәрдемнің қоңырау қабылдау мүмкіндігін арттырып отырмыз. ИВЛ аппаратттары мен КТ аппараттардың жеткілікті болуын қамтамасыз етудеміз».

Әзірге қаладағы эпидемиологиялық ақуал тұрақты. Соңғы тәулікте 9 адамнан коронвирус анықталған.Салаға жауаптылар қалада екі айға жетерлік дәрі-дәрмек қоры бар дейді. Осыған дейін 126 мыңнан астам адамға тұмауға қарсы екпе салынған.

Мақпал РЫСБАЕВА