Шымкенттегі мектептер мен балабақшалар жылыту маусымына дайын

406

Шымкент қалалық білім басқармасының  берген мәліметі бойынша  басқармаға қарасты мектеп, балабақшалар  жылыту  маусымына толық дайын.

Биыл жылыту жүйелерін жөндеу және қысымдау жұмыстарына 67 млн-нан астам қаржы бөлініпті. Бүгінде 244 мекеменің 120-ы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған болса, дербес қазандықтан 124 мекеме жылытылады.№54 мектеп
Жылыту жүйесі қатты отынмен жұмыс істейтін мекеме саны 17 /№60,67.73,83.84.91,106.110.111,113.117.118,122,124,125/, сұйық отынмен жылтылатын мектептердің саны- 3 /№49,№95 жом, №10 бала-бақша/.Шымкент. Мектеп. Көмір Көмірмен жылытылатын мектептерге 4701 тонна қатты отын сатып алуға 58 млн. 763 мың теңге және сұйық отынмен жұмыс істейтін 3 мекемеге 190 тонна сұйық отын сатып алуға 43 млн. 133 мың теңге бөлініп, қатты және сұйық отын білім беру ұйымдарына толық жеткізілген.

Естеріңізге сала кетейік. Шымкентте 133 мектеп,79 балабақша, 9 қосымша білім беру мекемелері бар.

Шынар Оразова