Шымкенттік төтеншеліктер тегін қан тапсырды. Бұл іс-шара «25 мың құтқарылған өмір» республикалық акциясының аясында өтті. Осылайша донор болуға 60-қа жуық шымкенттік құтқарушылар ниет білдірген.
Олардың сөзінше тек апатты жағдайда ғана емес, күнделікті өмірде де мұхтаж адамдарға көмектесу міндет болып саналады. Акция соңында игі істі әріптестері түркістандық төтеншеліктерге жолдады. Осы орайда республика бойынша 25 мың құтқарушы қан тапсырады деп жоспарланып отыр.
Ерғали БАХАЕВ, Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары: «Биылғы жылы өте көп мерейтойлар бар. Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Ұлы Абайымыздың 175 жылдығы және Халықтар Ассамблеясының 25 жылдығы. Осы мерейтойлардың аясында ТЖД жеке құрамы біраз жұмыстарды атқарып жатыр. Соның бірі қазіргі таңда жастарды тәрбиелеу, сонымен қатар осы жастарға қауіпсіздікті үйрету».
Назерке Үкібасова