Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің орынбасары тағайындалды. Креслоға жайғасқан жаңа басшы Арман Сәбитов 36 жастағы Шымкент қаласының тумасы.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі жоғары білімді экономист мамандығы бойынша алған. Ал, еңбек жолын аудиторлық мекемеде ассистент болып бастаған.
Осыдан кейін ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне дейін көтерілген ол Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын да басқарған болатын.
Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі: «Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және азаматтық қасиетіңіз сізді қатардағы ферма жұмысшысынан Қазақ еліне танымал саяси қайраткер, қаржы саласының майталманы, облыс әкімінің орынбасары лауазымына дейін көтерді. Еліміздің жаңа астанасы – Нұр-Сұлтан қаласының жаңа кейіпке еніп, қалыптасуы жолында өзіңіздей іскер азаматпен әріптес болғаныма қуаныштымын. Дамудың жаңа биігіне қол жеткізген Түркістанның түрленуі жолында аянбай еңбек еттіңіз. Отанымыздың өркендеуі мен Түркістанның баянды болашағы жолында әлі де талай ел сүйсінер елеулі істер атқаратыныңызға кәміл сенемін».
Облыс активімен өткен жиында Шөкеев жаңа орынбасарының үлкен жұмыс тәжірибесі бар екенін атап өтіп, қызметіне сәттілік тіледі. Ал бұған дейін облыс әкімінің орынбасары болған Жолдымұрат Аманбаев құрметті зейнет демалысына шығарып салды.
Назерке Үкібасова