Пәтерде «покер» ұйымдастырған Шымкент тұрғыны сотталды

151

Шымкенттік азамат пәтерде покер ұйымдастырамындеп сотталды. Ол қаладағы Д. Қонаев даңғылының бойында орналасқан үйлердің бірін жалға алып, заңсыз ойын өткізген.

Ал, оған құмар ойын ойнау үшін 8 азамат келіпті. Қаланың тергеу экономикалық департаменті заңсыз әрекетті осы жылдың мамырында анықтағанын айтады. Және тәркіленген 100 мың теңгені мемлекет пайдасына шешіп, диллер тасы мен казино фишкаларын жойғанын жеткізді.

Камилхан ИСМАИЛОВ, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу Департаментінің басқарма басшысы: «Пәтерде покер ұйымдастырам деп құрыққа ілінген пысықай 1 жыл бас бостандығынан шектелді. Және 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылады. Қалған 8 ойыншының тағдырын Абай аудандық соты шешеді. Оларға әкімшілік жаза берілуі мүмкін».

Назерке Үкібасова