«Сбербанктің» Шымкенттегі филиалына — 10 жыл

219

Сбербанкке — 179 жыл. Осы уақыт аралығында банк ең басты ұстанымына берік болып, «Үнемі алдыңғы қатарда болып, өз клиенттерінің өмірін одан ары жақсартуда».

Барлығы өзгеріске ұшырауда, түрлі оқиғалар орын алуда, алайда «Сбербанктің» клиенттеріне деген махаббаты мен құрметі қалпында — олардың армандары мен тілектерін орындауға қолдау көрсетіп келеді.

Сбербанктің Шымкенттегі филиалына биыл — 10 жыл. Банк қызметкерлері осы кезеңде атқарған жұмысының жемісі мен жетістіктерін атап өтуде.

Бүгін ерекше атаулы күн. 10 жыл бұрын еншілес «Сбербанк» АҚ Шымкентте өз филиалын ашқан болатын. Ұжым осы уақыт аралығында жеткен жетістіктерімен мақтана алады.

Еркебұлан АБУОВ, ЕБ «Сбербанк» АҚ  Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы  филиалының директоры: «Бүгінде «Сбербанк» барлық аумақтарда қызмет етуде. Соңғы 4 жылда біз 8 жаңа бөлімшелерімізді аштық. Бізде 200 — ден астам қызметкерлер жұмыс істейді. Түркістан, Сарыағаш, Жетісай және Ақсукентте өз бөлімшелеріміз бар. 5 мыңнан астам заңды тұлғалар және 180 мыңнан астам белсенді жеке тұлғалар сенім артатынымен біз мақтанамыз».

«Сбербанктің» Шымкенттегі филиалы өңірде несиелендіру нарығындағы көшбасшылардың бірі. 1-ші қазанда осы бағытта банктің үлесі 9,4 пайызды құраса, ал тарту нарығында 13,4 пайыз. Филиал маңызды инвестициялық бағдарламаларға қатысып келеді.

Олар жеміс сақтау қоймасының құрылысы, Шымкент қаласындағы медициналық орталықтарына жабдықтар сатып алу, темірбетонды заттар өндірісі зауытын жаңғырту, тасты өңдеу цехтары мен Сарыағаш ауданындағы жаңа гидроэлектростанциясының құрылысы. Еңбекақы жобасында филиал облыстағы 25-ке жуық ауруханалар мен емханаларға қызмет көрсетуде».

Еркебұлан АБУОВ, ЕБ «Сбербанк»АҚ  Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы   филиалының директоры: «Ауыл шаруашылығы, құрылыс саласын қаржыландырамыз. Сонымен бірге, біз кәсіпкерлікті қолдау мақсатында сауда және өңірде осыған дейін болмаған кілем шығаратын бірегей өндірісті қаржыландырдық».

Банктің жаңартылған депозит портфелі көптеген клиенттердің қызығушылығын арттырып қана қоймай, қызмет аясын тек өңірде ғана емес республикалық деңгейде кеңейтуде. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда белсенділік танытуда.

Еркебұлан АБУОВ, ЕБ «Сбербанк» АҚ Шымкент  қаласы мен Түркістан  облысындағы  филиалының директоры: «Біздің клиенттерімізге және даму барысында жоғары көрсеткіштерге жеткен командаға үлкен рахмет. Шымкенттегі филиал — «Сбербанктің» филиал желілерінің көшбасшысы. Біз табысты болуға ат салысудамыз. Сапалы қызмет көрсету арқылы нарықта өз үлесімізді жіберіп алмай, клиенттеріміздің санын арттыру бағытында еңбек етудеміз».

Дамуда тұрақтылықты көрсете білген «Сбербанк» сенімді қаржы серіктесі екенін дәлелдеп келеді. Кәсіби команданың жеткен ең құнды жетістігі — клиенттердің сенімі. Мұнда үнемі суперакциялар өткізіліп тұрады. Аптаның қорытындысы бойынша автонесие рәсімдеген Түлкібас ауданының тұрғыны «Лимондардан қуат ал» акциясының жеңімпазы болып танылды. Естеріңізге сала кетейік, банк әр апта сайын «Сенімді несие» бағдарламасы бойынша кепілсіз несие және көлік сатып алуға несие рәсімдеген екі жеңімпазға 1 млн. теңгеден ойнатады. Акция 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Акцияның шарттары жайлы толық ақпаратты www.sberbank.kz сайтынан біле аласыздар.

№1.2.199/93/31 лицензиясы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен 03.02.2020 ж. берілген