Түркістан облысының әкімі Ташкентке барды

132

Түркістан облысының әкімі жұмыс сапарымен Ташкент қаласына барды. Өмірзақ Шөкеевпен бірге делегацияда Премьер-министр орынбасары Роман Скляр, орталық мемлекеттік орган басшылары бар.

Көрші елге ресми сапармен барған олар өзбекстандық басшылармен бірқатар мәселені талқылады. Атап айтсақ, бауырлас қос ел сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытып, су электр станциясын қайта салуды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, енді Түркістан, Шымкент, Ташкент арасында тікелей пойыз қатынауы мүмкін. Жаңа жобаны Өмірзақ Шөкеев көрші елдің темір жол басшысымен талқылады. Басты мақсат тарихи-мәдени астананың туризімін дамыту.

Назерке Үкібасова