Түркістан қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

179

Түркістан қаласында ауыл шаруашылығы өнмдерінің жәрмеңкесі өтті. «Алтын бұлақ» автобекетінде өткен сауда алаңында Сайрам мен Төле би ауданы және «Түркістан» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен қала кәсіпкерлерінің өнімдері ұсынылды.

Өнімдер нарықтағы бағадан 10-15% төмендетіліп саудаланды. Атап айтқанда, картоп — 90-100 теңге, пияз — 50 теңге, жылқы еті — 1800 теңге, сәбіз — 70 теңге, қырыққабат — 60-65 теңге, қауын-қарбыз, асқабақтың келісі — 50 теңгеден, сондай-ақ, жүзім 200 теңге, алма 120-200 теңге, қызанақ 70-100 теңге, қияр — 300 теңгеден саудаланды.

Жалпы, бүгінгі жәрмеңке аясында 30 тоннадан астам өнім қойылды. Жәрмеңке жексенбі күні де жалғасын табады.

 

Назерке Үкібасова