«Арыс» ФК премьер лигаға өтті

278

«Арыс» футбол клубы премьер лигаға жолдама алды. Бірінші лигада екінші орын алған оларды құттықтау үшін облыс әкімі арнайы келді.

Еске салайық, биыл «Арыс» футбол командасы ел чемпионатында «Мақтаарал» командасын 1:0 есебімен жеңіп, күміс жүлдеге қол жеткізген еді. Енді олар келер жылы «Астана», «Қайрат» сынды командалармен өзара мықтыны анықтайтын болады.

Осыдан кейін облыс әкімі қайта жөндеуден өткен спорт ғимаратымен танысты. Еске салайық, іргетасы 1962 жылы қаланға нысан 2019 жылы қайта қалпына келітірілген еді. Осыдан кейін тоғыз жолдың торабында жаңадан «Арыс» футбол командасы құрылды.

  Назерке Үкібасова