Арыстағы күн электр станциясы қуаттылығын одан әрі арттырмақ

163

Арыс қаласында ашылған баламалы электр станциясы қуаттылығын одан әрі арттырмақ. Ол үшін бюджеттен 2,5 млрд7 теңге бөлінеді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Арысқа барған іссапарында айтты.

Осылайша жаңадан толығатын 6 жұмыс орнында тағы 5 мВт электр энергия өндірілмек. Еске салайық, күн сәулесінен қуат алатын орталық биыл ашылған еді. Құны 7 млрд. теңгені құрайтын орында жылына 14 мВт электр энергиясы өндіріледі. Қазақстан мен Францияның бірлесіп бастаған жобасы 30 га алып жатыр.

Назерке Үкібасова