Аумақтық сайлау комиссиялары партиялық тізімдер бойынша үміткерлерді тіркеуде

239

ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы келер жылы қаңтардың 10-ына белгіленген.

Бүгінде жергілікті жерлердегі аумақтық сайлау комиссиялары Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспар бойынша жұмыстарын атқаруда.

Түркістан облыстық аумақтық комиссиясының мәліметі бойынша, бұл сайлауға 1 млн. 156 мыңнан астам сайлаушы қатысады деп жоспарлануда. Облыстағы 911 учаскелік сайлау комиссиясындағы 6 мың 328 комиссия мүшесі оқу семинарларында дәріс алып, тест тапсырып, арнайы сертификатқа ие болған. Алдағы мәслихаттар сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өтпек. 4-ші желтоқсанда үміткерлердің тізімін ұсыну аяқталады.

Әлібек ӨМІРӘЛИЕВ, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы: «»Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы, қала, аудандардағы филиалдардан, жалпы  629 үміткердің тізімі тапсырылды. 30 пайыздық квота бойынша 230 үміткер тіркелді. Ауыл партиясынан облыстық мәслихатқа 8 үміткер, Отырар аудандық филиалынан – 3 үміткер, Төлеби ауданындағв филиалдан – 6 үміткер, жалпы «Ауыл» партиясының тізімі бойынша жалпы 17 үміткер  тіркелді. Сонымен қатар, бүгін 3 желтоқсан түске дейін «Адал», «Ақ жол» партияларының тізімі тіркеуден өткізілді. Қазақстанның халық партиясы тізімін тапсыру керек, уақыт бар. 4-ші желтоқсан  партиялық тізімдерді ұсыну аяқталады».

Айта кететін жәйт, бүрынғы «Бірлік»  партиясы  «Адал» болып тіркелсе, Қазақстан коммунистік халық партиясы да  атауын өзгертіп,  Қазақстанның халық партиясы ретінде тіркелді.

Шынар Оразова