Бадам өзеніндегі өлген балықтар зертханаға жіберілді

232

Әлеуметтік желіде Шымкент қаласы Қызылжар елді-мекені аумағынан ағып өтетін «Бадам» өзеніне сол маңдағы жылыжайлардан аққан лас судан балықтар өлуде деген хабарлама тараған.

Аталған хабарламаның негізінде оқиға орнына Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғи қорғау полициясының тобы, Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері, Шымкент қаласының Экология департаментінің мамандары барды.

Оқиға орнын қарау барысында балықтардың Шымкент қаласы Қызылжар мөлтек ауданы Шардара көшесі бойын жағалап ағатын «Қарасу» арығында өліп жатқаны анықталды. Экология департаментінің мамандарымен су сынамасы алынып, химиялық талдау үшін зертханаға жолданды.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі