Диханкөл және Ұзынарық ауылдарына газ тарту жұмыстары басталмақ

382

Тәуелсіздік мерекесі алдында Қасқасу және Қоғалы ауылдық округтеріне газ тарту жұмыстары басталды. Осы орайда аудан әкімі жергілікті тұрғындармен кездесіп, отыз жылдан астам күткен қуанышты жаңалықпен құттықтады.

Сондай-ақ ауыл тұрғындарын мердігер мекеме өкілдерімен таныстырды. Өз кезегінде ауыл ақсақалдары игілікті іске батасын беріп, аудан басшысына алғыстарын білдірді.

Қазіргі таңда Төлеби ауданындағы 55 елді мекеннің 48-і толық табиғи газбен қамтылған. Алдағы уақытта қалған Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы, Қасқасу, Жоғары Қасқасу, Керегетас, Кенесарық елді мекендеріне көгілдір отын кіретін болады. Құрылыс жұмыстарын «Azia RC» ЖШС мердігер мекемесі қолына алып отыр. Нәтижесінде Қоғалы ауылдық округінде жалпы 613 абонент, Қасқасу ауылдық округінде 789 абонент көгілдір отынмен қамтылады.

Сонымен қатар Достық елді мекені Астана көшесінің, Киелітас елді мекенінің Қарауылтөбе және Қорған көшесінің, Қарақия елді мекені Қарақия көшесінің тұрғындары жуық арада табиғи газдың игілігін көрмек. Атқарылатын жұмыстар қорытындысы бойынша аудан тұрғындары 100% көгілдір отынмен қамтылатын болады.

QAINAR KÓZТөлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі