Бұл туралы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.

Ешқандай нақты ақша немесе банк картасы керек емес. 2222 нөміріне көлік коды көрсетілген SMS жібер. Ескерту: код автобус салонындағы жапсырмада. Бір секунд – содан соң электронды билеті бар SMS келеді.

Жолақы 70 теңге, SMS жіберу құны – 0 теңге. Қызметті барлық бағыт автобусында қолдануға болады.

Жол жүрер алдында теңгерімді тексеруді ұмытпаңыз: *102#