Кәсіпкерлер екі жылға салықтан босатылуы мүмкін

131

Пандемия кесірінен елдегі 800 мың кәсіпкер зардап шекті. Осылай деген Сенат төрағасы Парламенттік тыңдауда кәсіпкерлер мәселесін талқылады.

Жауаптылар сөзінше ел тұрғындарының 39 пайызы жеке бизнеспен айналысады. Және қатерлі індет кесірінен олардың басым бөлігі шығынға батудың аз-ақ алдында тұр екен. Аталмыш тақырыпты көтерген шенеуніктер кәсіпкерлерді алдағы екі жылға салықтан босатуды сөздеп отыр.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы: «Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторға тиесілі жылжымайтын мүлік нысандарын жалға алғаны үшін төленетін жалдау ақысы жыл соңына дейін тоқтатылды. Шағын және орта бизнес өкілдерінің еңбекақы қорына түсетін ауыртпалық жеңілдетілді. Салық кодесіне бірқатар маңызды түзету еңгізілуде. Шағын және орта бизнесті екі жылға қосылған құн салығынан және әлеуметтік салықтан босату ұсынылды. Президент тапсырмасы бойынша табыстың 3 пайызы көлемінде бөлшек салық енгізілетін болды. Осы және басқа шаралар шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға өз үлесін қосатыны сөзсіз».

Назерке Үкібасова