Полиция қызметкерлері 87 қару иелерімен кездесті

340

Қазіргі таңда Шымкент Қаласы Полиция департаментімен «Пиротехника» профилактикалық іс-шарасымен катар «Қару» іс-шарасы өткізіліп жатыр. «Қару» профилактикалық іс-шарасы 2020 жылдың 29-30 желтоқсан аралығында өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты қала аумағында заңсыз сақтаудағы қаруды және оқ-дәрілерді тәркілеуге, оларды сатып алу көздерін анықтауға, оны заңсыз жеткізу арналарын анықтау және оларды жоюға, қаруды заңсыз сақтау мен алып жүруімен айналысатын тұрғындар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, отты атыс қарумен жасалатын қылмыстардың алдын-алу, ескерту және оларды ашу, жедел жағдайды тұрақтандыру, келе жатқан жаңа жыл мерекесі аясында келеңсіз оқиғалардың алдын алу болып табылады.

Іс-шараның бірінші күні полиция қызметкерлері 87 қару иелерімен кездесіп, олармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция Департаментінің Баспасөз қызметі