Полиция қызметкерлеріне күш қолданған 3 күдікті ұсталды

207

2020 жылдың желтоқсанның 28-інде орын алған Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-ның 3 полиция қызметкеріне күш қолдану фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Аталған бап бойынша жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жаза көзделген.

Қазіргі таңда, Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-мен ҚР ҚПК-нің 128-бабына (Ұстап алу негіздері) сәйкес 3 күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Тиісті тергеу амалдары жалғасуда.