Қазақстанда азық-түлік бағасы 9,6 пайызға қымбаттады

164

Соңғы 11 айда елімізде азық- түлік бағасы 10 пайызға жуық қымбаттаған. Атап айтсақ, күнбағыс майы 10 пайызға, құмшекер мен көкөніс 7-8 пайызға, жұмыртқа 4,5, ал картоп бағасы 3,5 пайызға өскен.

Карантин кезінде құны арзандаған тауарлар да жоқ емес. Олар тауық еті, сөк және алма. Бұлардың бағасы бар-жоғы 1 пайызға түсіпті. Қымбатшылық киім-кешек, тұрмыстық заттар мен сән салондарын да айналып өтпеген сыңайлы. Бірінде қызмет ақысы 1 пайызға өссе, бірінде екі пайызға жуық қымбаттаған.

Коммуналдық жүйе құны да қарыштап барады. Жыл ішінде ыстық су бағасы 6,2 пайызға, жылу 4,5 пайызға, ал қоқыс шығару 1,5 пайызға өскен.

Назерке Үкібасова