Түркістан: 42 500 теңгені 881 700 азамат алған

187

Төтенше жағдай кезінде Түркістан облысы бойынша бір реттік әлеуметтік төлемді 881 мың азамат алған. Күнгейліктерді 42 500 теңгемен қамту үшін бюджеттен 37 млрд. теңге кеткен екен.

Бұдан бөлек, өңірдегі мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек үшін биыл 31 млрд. теңге жұмсалыпты. Айта кетейік, Қазақстан бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың 13 пайызы Түркістан облысында тұрады. Осындай ақпаратпен бөліскен облыс мамандары 2020 жылы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 49 мыңға жеткенін айтады. Оларға жәрдем көрсету үшін бюджеттен биыл 12 млрд. теңге қаралған.

Назерке Үкібасова