Түркістан қаласында «Ашық әкімдік» кеңсесінің тұсауы кесіліп, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев онлайн форматта қабылдау өткізді. Бұл кеңсені ашудағы мақсат — халыққа қалтқысыз қызмет ету.
Мемлекеттік қызметтің ашықтығын, қолжетімділігін оңтайландыру. Осылайша өңір тұрғындары алдын-ала жазылусыз мемлекеттік орган өкілдерімен тікелей кездесіп, өздерінің түйіткілді мәселелерін көтере алады. Яғни, су жаңа орталықта өтініштермен жұмыс істейтін 21 және 16 басқарама қызметкерлері отырады. Осы жерде өңір басшысы облыс тұрғындарымен онлайн режимде тілдесті.
Атап айтсақ, Сайрам ауданынан өтінішпен шыққан жергілікті тұрғын зауыт ашу үшін жер сұрады. Осыған орай бір ғана Қарабұлақ ауданында жер телімдеріне қатысты 1,5 мыңға жуық заңсыз әрекеттердің анықталғаны тілге тиек етілді. Өмірзақ Шөкеев қол астындағыларға келіп түскен өтініштердің барлығын заң талабына сәйкес шешуге тапсырма берді.
Ғалымжан Кенжебек