Жетісай ауданында «Ауылым ел бесігі» бағдарламасы бойынша мектеп пен жолды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысымен танысу үшін облыс әкімінің орынбасары ауданға арнайы барды.
Мұнда биылдың өзінде 5 мектеп күрделі жөндеу көрген. Солардың бірі Сабырхан Асанов атындағы жалпы мектеп. 1970 жылы кірпіші қаланған білім ұясы араға 50 жыл салып күрделі жөндеуден өтті.
Жауаптылар сөзінше облыстағы білім ұяларының 98 пайызында әжетханалар іште орналасқан. Қалған екі пайыз мектеп құлауға шақ тұрған шалғайдағы білім ұялары дейді. Олар сүріліп, орнына жаңа мектеп салынады екен.
Назерке Үкібасова