АГРС-3 нысанының құрылыс жұмыстары наурызда толық аяқталады

99

Қазіргі таңда нысанның құрылыс жұмыстарының 90 пайызы аяқталған. Бұл туралы басқармада арнайы өткен жиында айтылды.

Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Боранбай Нигметұлы құрылыс жұмысы жүріп жатқан АГРС-3 нысаны бойынша жиналыс өткізді.

Басқосуға «StroyGazCompany» ЖШС-нің өкілі Багдан Томашевский, «Кэтек» ЖШС-нің басқарушы директоры Александр Олейников және «Кэтек» ЖШС-нің өкілі Өміртай Байтұрсынов қатысты.

Өздеріңізге мәлім, қазіргі уақытта мегаполис тұрғындарын сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, 250 000 м3/сағ құрайтын автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылыс жұмыстары «StroyGazCompany» ЖШС тарапынан жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда, медігер мекеме АГРС-3 нысанының техникалық құрал-жабдықтарын орнатып, құрылыс-монтаж жұмыстарының 90%-ын аяқталған.
2021 жылдың наурыз айына дейін АГРС-3 нысанының құрылыс жұмыстары толығымен 100%-ға орындалып, іске қосу жоспарға қойылған.