Өрт туралы жалған қоңыраулар да түседі

104

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 12 ай қорытындысы бойынша облыс аумағында өрт сөндіру қызметінің бөліністері мен түрлі шақырулар бойынша 20 529 рет шығулар жасалынды.

Оның ішінде дабыл бойынша: гарнизон шегіндегі өрттерді сөндіруге – 600 рет (2019 жылы – 618, (-2,91%төмендеген)), авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге – 160 рет (2019 жылы – 45, (3,5 есе артқан)), өрт ретінде есепке алынбайтын жану жағдайларына – 3131 рет (2019 жылы 3309, (-5,38 %төмендеген)).

Ағымдағы мерзім ішінде 1 рет жалған өрт оқиғасы тіркелді (29.03.2020 жылы 12 сағат 30 минутта) – Қазығұрт ауданы, Көкібелі а/о, Көкібелі е/м, Құралов көшесі №16 мекенжайында газ баллон жанып жатыр деген хабар түсті).

Шығулар барысында 65 адам (2019 жылы – 21, (3,1 есе артқан)) құтқарылып, 546 адам (2019 жылы – 446, (22,42 % өскен)) қауіпсіз жерге көшірілді, оның ішінде өрттен 7 адам құтқарылды (2019 жылы – 7), 69 адам қауіпсіз жерге көшірілді (2019 жылы – 372, (-81,46 % төмендеген)), 13 адам қайтыс болды (2019 жылы – 7, (85,72% өскен)), 14 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды (2019 жылы -2 3, (-39,13 % төмендеген)).

Авариялық-құтқару жұмыстарын атқару барысында 58 адам құтқарылып (2019 жылы – 14, (4,1 есе артқан)), 477 адам қауіпсіз орынға көшірілді (2019 жылы – 74, (6,4 есе артқан).

Біле білген адамға, ең қауіпті деген мамандықтардың бірі – ол өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға ғана тән жұмыс. Адамдар өмірін құтқару жоғары және жауапты миссия. Қазіргі таңда, қиын жағдайға тап болғанда адамға қол ұшын созу кез – келгеннің қолынан келе бермес. Мұндай әркетке нағыз ержүрек адам баратыны сөзсіз.

Осындай ерлік көрсетіп, батырлық танытып жүрген азаматтарымыз аз емес. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген қызметкерлеріміздің құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс қателікті кешірмейді, өйткені қызметіміз – өте маңызды және қауіпті. Өрт сөндіруші қызметкердің жұмысы оңай емес.

Біздің қызметкерлердің жұмысы ерлікпен тең. Өз өмірін қауіп-қатерге тіге жүріп, өзгенің өмірін арашалап қалатын жандар қызыл жалын тұтанған сайын ерлік жасайды. Өрт сөндірушілер әр минут сайын өз өмірлерін тәуекел етеді, өзіне қауіп төндіреді.

Құтқарушылар тәуліктің кез-келген уақытында, тіпті, аптап ыстық пен қақаған аязда отқа да, суға да түседі. Осылайша, бізге жүктелген жауапкершілікті көтеру, құтқару, көмектесу деген мақсат күн сайын бірінші орында тұрады.

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары Сіздерді өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң түрде сақтауға шақырамыз.

Мұрат Алимбаев, ТО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы,

азаматтық қорғау полковнигі