Сенбіден бастап 5 бағыт бойынша автобустардың жүру сызбасы өзгереді

241

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: СЕНБІДЕ 5 БАҒЫТ БОЙЫНША АВТОБУСТАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫС СЫЗБАСЫ ӨЗГЕРЕДІ

Шымкентте осы сенбіден бастап жолаушылар тасымалдайтын 5 бағыт бойынша қоғамдық көліктердің қозғалыс сызбасы өзгереді. Ол №138, 108, 141,150 және 55 автобустары. Бұл жоспарлы шара «Жолаушылар көлігін дамыту кешенді схемасы» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында қолға алынған. Кешенді схема бойынша қоғамдық көліктердің бағыттары бойынша қозғалысының сызбалары оңтайландырылып, автобустар жаңартылады.

23 қаңтардан бастап қаладағы бес бағыт бойынша жаңа сызба бойынша жүретін автобустардың арасында № 138 бағыт автобусы да бар. Жүргізуші Дархан Рахматтулаев көлік компаниясы әкімшілігі автобус бағытында өзгеріс енгізілгенінен бізді хабардар етті дейді: «Ия, демалыс күнінен бастап  жаңа  сызбамен жүреміз. Бұл жөнінде компания басшылығы бізді ескертті. Әлеуметтік желі мен БАҚ арқылы да барлығын ақпараттандырып жатыр ғой».

«Жолаушылар көлігін дамыту кешенді схемасы» былтыр қала әкімдігімен бекітілген болатын. Осыған орай, қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы 2020 жылы 8 бағыт бойынша автобустарды жаңартып, қозғалыс сызбасын өзгерткен болатын. Биыл енді тағы бес бағыттың жүру қызбасы өзгертілуде. Ол №138,108, 141,150 және № 55 бағыт.

Наурыз СҮГІРӘЛИЕВ, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы: «Жолаушылардың барлығын ескертіп жатырмыз бес бағыт бойынша автобустардың сызбасы сенбіден бастап өзгереді. Көлік компания басшылары біледі, 5 бағыт бойынша  автобустардың  жаңа  сызбасы   әлеуметтік желі арқылы хабарлама  жасалынды, енді кондукторлар арқылы жолаушыларға  ескертеміз».

Байқасаңыздар, қалада №70 және №42 автобустардың да бағыты оңтайландырылды. Шаһарда қазіргі таңда 19 көлік компаниясының 980 — жуық қоғамдық көліктері 68 бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдауда. Жылдың басында 40 пайызға жаңарған автобустардың үлесі ағымдағы жылдың соңында 80 пайызға жеткізілмек.

Шынар Оразова