Тәртіп сақшылары темір қоршауға қысылып қалған 4 жасар балақайды құтқарып қалды

287

 

Сайрам АПБ-ның патрульдік полиция қызметкерлері Сайрам ауданы Манкент ауылының көше бойын кезекті патрульдеу кезінде, түскі уақытта күтпеген жайтқа кез болады. Тасжол бойында орналасқан жабық тұрған құрылыс заттарын сату дүкенінің қоршауында қыстырылып тұрған 4 жасар баланы байқап қалады.

Адам өміріне қатысты жағдайды оң шешу мақсатында ЖПҚБ ППТ қызметтік инспекторлары полиция капитаны Нұрболат Тілеубергенов, полиция аға лейтенанты Еркін Альметов және полиция лейтенанты Ғалым Дәукеновтер дереу кері бұрылады. Темір тор қоршаудан өтемін деп, басы сыймай қыстырылып қалған әлгі баланы тез арада босатып алады.

Балақайдың анасы дүкенге барып келемін деп, үйінен шығып кеткен. Оның ізін суытпай баласы артынан жүгіріп шыққан. Осы сәтте құрылыс заттарын сататын дүкеннен ары өтпек болып, басы сыймай тұрып қалған. Сол мезетте осы маңнан өтіп бара жатқан полицейлер оны тез арада шығарып, үйіне алып барған.

Оның ата-анасына алдағы уақытта балаға сақ болу керектігі есткертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарды баларына сақ болуға және денсаулығының жай-күйін бақылауда ұстап жүруге кеңес береді. Әрбір тұрғынның амандығы мен қауіпсіздігі полицейлердің баса назарында екенін ұмытпағайсыздар.

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі