Түркістан: Науқастардың 45 пайызы вирусты қарым-қатынас арқылы жұқтырады

78

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған науқастар үшін төсек-орындар жеткілікті. Бұл туралы облыстың бас дәрігері мәлімдеп отыр.

Марат Пашимов сөзінше қазір аймақта қатерлі індеттен 148 тұрғын емделуде. Оның 31 -і коронавирус жұқтырып жатса, 117-сі пневмониямен түскен. Осылай деген облыстың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы 1- ақпаннан бастап кімдердің ем қабылдайтынын да жариялады.

Ал, облыстың бас санитар дәрігері аймақтағы жағдайдың тұрақты екенін айтады. Жасыл белдеуде тұрған өңірде тұрғындардың 45 пайызы вирусты қарым- қатынас арқылы жұқтырған. Осыған байланысты азық-түлік емес тауарларын сататын базарлар мен ойын-сауық орталықтарына тек 5 күн жұмыс істеуге рұқсат беріліпті.

Назерке Үкібасова