Жаңа жыл мерекесінде пиротехникалық бұйымдардан зардап шеккендер…

99

Шымкент қаласында биыл жаңа жыл мерекесінде пиротехникалық бұйымдардан зардап шеккендер тіркелмеді. Мереке күндері қалалық жедел жәрдем станциясында кезекшілікте 100 бригада қызмет етті.

Демалыс күндері 103 кезекшісіне тәулігіне орта есеппен 1200-1300 қоңырау түсті. Мамандар бұл күндердегі жағдайдың жай күндермен салыстарғанда айырмашылығы жоқ деп отыр.

Дегенмен, медицина мамандары әлемді жайлаған пандемияға байланысты босаңсуға болмайтынын ескертеді. Вирусты инфекциядан сақтану жолдарын қатаң ұстауға кеңес береді. Сондықтан, жақындарыңызды дерттен қорғау үшін бетперде тағып, әрқашан қоғамдық арақашықтықты сақтап жүрген абзал.