COVID-19: Шымкенттік ақ халаттыларға екпе салына бастады

568

 

Шымкентте коронавирус індетіне қарсы алғашқы екпе шаралары жасалды. Вакцинация шаһардағы төрт екпе бекеттерінде жүргізілуде. Қалаға жеткізілген 1 мың дозаны алғашқылардың қатарында коронавирус инфекциясымен алдыңғы шепте күресетін медицина қызметкерлері алады.

1-ші ақпан. Шымкенттегі № 6 қалалық емхана. Ақ қалпақшасы бар мына кішкентай ғана  шыны ыдыстағы екпе затын журналистер камера мен ұялы телефондарына түсіруде. Бұл коронавирусқа қарсы «Спутник Ви» вакцинасының 5 дозасы.

Екпе 18 бен 60 жас аралығындағыларға салынады. Және олардың өткір респираторлық вирустық инфекция белгілері болмауы керек, вакцинацияға дейін екі апта аралығында КОВИД жұқтырғандармен қарым қатынаста болмауы тиіс. Бұл емханада ковидке қарсы екпе салдыруға алғашқылардың бірі болып жазылған бас дәрігер Айгүл Қылышбаева препараттың тиімділігіне сенеді. Вакцинадан бас тарту эпидемия және өлімнің санын арттырады,- дейді маман.

Екпе салдырғандардың жағдайын дәрігерлер жарты сағат бойы бақылауда ұстайды. Егер жағдайы бірқалыпты болса, үйлеріне қайтуға рұқсат.

Айгүл ҚЫЛЫШБАЕВА, Шымкент қалалық №6 емхананың бас дәрігері: «Екпе жасағанына 25 минут өтті, өзімді жақсы сезініп жатырмын, шағымым жоқ. Біз індетпен бетпе бет келетіндердің біріміз, сондықтан вакцинация қорғанудың жалғыз жолы».

Тағы бір дәрігер Құдайберген Исмаилов вакцинаның екінші болып салдырды. Екпе алар алдын дәрігер -эпидемиологтың өзгелер секілді дене температурасы, қан қысымы, тамыр соғуы міндетті түрде тексерілді. Көрсеткіштер нормада, ол екпе жасайтын бөлмеге жіберілді.

Эпидемиолог дәрігер вакцинация салуға келісімін бергендердің қатарында алғашқылардың бірі. Ақ халатты екпе КОВИД-19-дан сақтанудың жолы дейді.

«Мен өз отбасымды, жақындарымды қорғағым келеді. Себебі мен науқастармен тығыз жұмыс істеймін. Сондықтан менің де індетті жұқтырып алуым мүмкін. Әрине, білемін кері әсері де болады. Алайда қазір өзімді жақсы сезінемін. 21 күннен кейін қайта екпе жасалады» дейді Құдайберген ИСМАИЛОВ, Шымкент қалалық №6 емхананың дәрігер-эпидемиологы.

№6 қалалық емханасында екпе бүгін 50-ге жуық қызметкерге жасалады деп жоспарлануда

Шымкентке вакцинация белгіленген мерзімде басталды. Әзірге шаһарға 1 мың доза «Спутник Ви» вакцинасы жеткізілді. Екпе жұқпалы және көпсалалы стационарлар, жедел медициналық жәрдем станциясында жұмыс істейтін қызметкерлерге, жан сақтау бөлімшелер мен санитарлық-эпиедмиологиялық қызметтердің мамандарына салынады.

Қазақстанда коронавирус инфекциясымен ауырғандар саны өсуде. Жақында үкіметте қатаң локдаун жайлы айтыла бастады. Егерде індет жұқтырғандар саны төмендемесе, локдаунды наурызда енгізу жоспарлануда. Денсаулық сақтау министрлігіндегілер екі фазалық екпеден кейін ұжымдық иммунитет қалыптасатынына үмітті. Тек вакцинация арқылы вирустың таралуына тоқсауыл қоюға болады дейді ведомстводағылар.