КВИ-ге қарсы вакцинаны кімдерге салдыруға болады?

84

Коронавирусқа қарсы вакцина Қазақстанға жеткізілді. Осылай деген Шымкенттің бас дәрігері екпені үшінші мегаполисте алғашқы болып салдырды.

Айта кетейік, қатерлі індетке қарсы препарат бүгіннен бастап егіледі. Ал, бірінші кезекте медицина қызметкерлері қабылдайды. Ал, олардың саны Шымкентте 1000-нан асады. Бақытжан Позилов сөзінше вацина ерікті түрде салынады. Ешкімді мәжбүрлемейміз деген ол осыдан кейінгі кезекті мұғалімдердің тұрғанын айтады.

Бірақ, вирусқа қарсы вацинаны жүйкесі ауыратындар, декреттегі аналар мен ковидтен енді жазылғандарға қабылдауға болмайды. Ал, екпе салдырғандардың қызуы көтерілуі ғажап емес. Осылай деген қаланың бас дәрігері қазір 300-ден аса шымкенттіктің індеттен емделіп жатқанын айтады.

Назерке Үкібасова