Қару сақтау тәртібін бұзғанға айыппұл салынады

277

Шымкентте қару сақтау мен тіркеу тәртібін бұзған 89 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақпанның 3-нен бастауын алған шара барысында қалада 6 мыңнан астам қару иесінің 2 мыңға жуығы  тексеріліпті. Бұл тексеру «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізіліп жатыр. Шара  наурыздың 2-не дейін жалғасады. 

Ерғали Сүлейменов, Шымкент қаласының ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы:» «Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде қару иесі бұл туралы аумақтық ішкі істер органына 10 күн мерзімде хабарлауға міндетті. Осы ережелерді сақтамау ҚР ЭҚБ т К 486 бабына сәйкес 43 755 теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады».

Шынар Оразова