Түркістанда 5000 адамға арналған мешіт салынып жатыр

210

Биыл Түркістан бірнеше ғимарат құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жаңа ғимараттар қатарында: 5000 адамға арналған мешіт, Тұңғыш Президенті саябағы, «Керуен Сарай» шығыс базары, Б.Саттарханов даңғылы бойындағы желілік саябақ, Бизнес орталық, Ғылыми-әмбебап кітапхана, Дендросаябақ, «Аманат» және «Керуен Сарай» тұрғын үй кешендері бар.

Сондай-ақ Қ.А.Яссауи кесенесінің буферлік аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Бақтыбай Дүйсебеков мәлімдеді.

Назерке Үкібасова