Шымкентте карантин тағы да ұзартылды

95

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы
05.03. 2021ж. №6

Шымкент қаласының аумағында карантиндік
және шектеу шараларын
ұзарту туралы

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №67), «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №68), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы №9 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №9), «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №293/2020 бұйрығына сәйкес, COVID-19 аурушаңдығының тіркелуінің жалғасуына байланысты, вирусты пневмония ауруының өсуіне орай және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент қаласының аумағында 2021 жылғы 8 наурыз сағат 00:00-ден бастап 2021 жылғы 29 наурыз сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.

2. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 4 және 2021 жылғы 1 наурыздағы № 5 қаулыларына сәйкес шектеу шаралары қатаң сақталынсын.

3. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарда жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.
5. Осы қаулы 2021 жылғы 8 наурыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

А.Тулебаев,

Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері